Синтетикалық есірткі затын сақтаған азамат анықталды
Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын.
Шара барысында Тараз қаласының 20 жастағы азаматы құрықталды. Күдіктіден ерекше иісі бар қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат табылды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған зат жалпы салмағы 4 грамнан асатын синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Арнайы мамандар Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза көзделгенін ескертеді.