Сиыр ұрлаған қызылордалықтар ұсталды
Қызылордалық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қыркүйек күні полицияға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылының тұрғыны жайылымнан екі бас сиыры ұрланғандығы жөнінде арыз берді. Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні анықтады.
Күдікті 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды.