Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сиыр ұрлаған қызылордалықтар ұсталды

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні полицияға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылының тұрғыны жайылымнан екі бас сиыры ұрланғандығы жөнінде арыз берді. Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде  полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні анықтады.

Күдікті 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру