Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері «Айыртау – туған өлкем» көрмесіне қатысты

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері «Айыртау – туған өлкем» көрмесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық мәдениет үйінің мұражайында «Айыртау – туған өлкем» көрмесі өтті, оған ҚР ІІМ ҚАЖК ЕС-164/8 мекемесі РММ қызметкерлері қатысты. Көрмені ұйымдастырушылар бұл іс-шараға өте құрметпен және үлкен жауапкершілікпен қарады. Әр композиция сүйіспеншілікпен жасалды. Мектеп оқушыларынан зейнеткерлерге дейін әртүрлі жастағы қатысушылар болды.

Жеке залда туған өлкенің пейзажы және Айыртау жерінің көрнекті адамдарының портреттері болды. Екінші зал макеттермен және халық шығармашылығының заттарымен жабдықталды.

Мекеме қызметкерлеріне көрме ерекше ұнады. Себебі экскурсияны жүргізген Г.Каплина ауданның байырғы тұрғындары да білмеген көптеген танымдық сәттерді айтып берді. Сондай-ақ, жергілікті авторлар мен ақындардың әдебиеті тұрған кітап залы да болды. Мекеме қызметкерлері үшін Айыртау жері жаңа қырынан ашылды. ҚАЖ қызметкерлері мұражайда өткізген уақыт өте мазмұнды болғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру