Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында 11 мас жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында төрт күн ішінде 11 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-30 қараша аралығында өткізілетін «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін нығайтуға жұмысынан баса назар аударады. Кезекті рейдтердің бірінде жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды.

Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны Toyota автокөлігімен заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан. Полицейлер заңсыз тасымалдаушыларға сенбеу керектігін еске салады. Сақтандыру шарттары болмағандықтан олар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігіне жауап бермейді.

– Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде облыс жолдарында 1247 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Өрескел бұзушылықтардың қатарында мас күйінде басқарудың 11 фактісі тіркелген. Ұсталған мас жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алуды және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ең жиі кездесетін қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаудың 136 фактісі, сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 106 жүргізуші жауапкершілік жүгін арқалады. Бұл бұзушылықтардың барлығы ауыр зардаптармен жасалатын жол көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ жолды белгіленбеген жерлерде немесе бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтетін жаяу жүргіншілерге де жоғары назарға аударылады. Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде шеңберінде 165 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру