Солтүстік Қазақстан облысында алты күнде 35 мас жүргізуші ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында алты күнде 35 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. ЖПІШ 8-13 тамыз аралығында өтті.
Алты күннің нәтижесі бойынша СҚО жолдарында жол жүрісі қағидаларының түрлі 1888 бұзушылығы анықталды. Оның 299-ы – жылдамдықты асыру, 273-і – қауіпсіздік белдігін тақпау, 162-сі – көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану. Жаяу жүргіншілер тарапынан жолда жүру ережелерін бұзудың 253 фактісі анықталды. Көлікті мас күйде жүргізгені үшін 35 жүргізуші ұсталды.
Ауыр салдармен болуы мүмкін апаттылыққа әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау және ескерту жөніндегі патрульдік полицейлердің рейдтік іс-шаралары жалғасып жатыр.