Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері түркістандық тұрғынды бірден үш бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты

Көлік полицейлері Түркістан тұрғынын бірден үш бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамызда Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне “Fly Arystan” АҚ әуекомпаниясының өкілдерінен “Түркістан – Астана” бағытындағы әуерейсі жолаушыларының біріне қатысты тиісті шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті. Көлік полицейлері тексеру барысында тіркеу кезінде халықаралық әуежай аумағындағы тәртіп ережелерін бұзған Түркістан қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Масаң күйде болған ер адам балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар ол белгіленбеген жерде темекі өнімін қолданған.

Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу), ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Түркістан қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері 30908 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ұсақ бұзақылық үшін – 462, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін – 3202, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 919 азамат жазаланған. Сондай-ақ 265 адам әкімшілік қамауға алынды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру