Солтүстік Қазақстан облысында «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Солтүстік Қазақстан облысында «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 14-23 наурыз аралығында «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің участкелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша тексеріп, сотталғандармен қайта қылмыс жасамауы және жаза өтеу ережелері мен талаптарын қатаң сақтауы үшін тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізеді.
Сондай-ақ сотталғандарды тексеру барысында олардың туысқандарымен де сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларына және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеулері туралы әңгімелесіп, сотталғандардың тіркелген мекенжайы мен нақты тұратын жерлері, кіммен бірге тұратындары және сотталған адамның қандай қаражаттқа өмір сүретіні, қайда жұмыс істейтіні тексерілді.
Есепте тұрғандардың тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелер шешіледі.
Сотталған адамдарға тұрғылықты жерінде болу кестесін бұза отырып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілгенге дейін тәртіптік жаза қолданылады.