Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 15 автопатруль қызмет көрсетуде

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен құтқарушылар халықты боранда көлікпен алыс сапарларға және жаяу жолға шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 15 автопатруль мен бір бекет қызмет көрсетуде. 20 қаңтар күні сағат 17.00-де желдің күшеюі мен боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды.

Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге халыққа барлық қажетті көмек көрсетуге жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары қолайсыз ауа-райы кезінде оқыс оқиғаның алдын-алған жөн дейді.

– Алыс сапарлардан бас тартуды, кәмелетке толмаған балаларды бақылауға алуларыңызды, жылы киінуді және үйден шыққан кезде телефондарыңыздың қуатталған болуын сұраймыз, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жедел телефон нөмірлері: «102» (полиция) және «112» (Төтенше жағдайлар қызметінің бірыңғай диспетчерлік-кезекші қызметі) – тәулік бойы хабарлама қабылдайтынын полицейлер еске салады. Егер сіздің ұялы телефоныңызда SIM-карта болмаса, оператордың желісін алмаса немесе сізде баланс болмаса да жоғарыда көрсетілген нөмірлерге қоңырау шала аласыз. Басты шарт – қоңырау шалудың нақты себебін анық жеткізу; оқиғаның нақты мекенжайын; өзіңіздің тегіңіз бен атыңызды айту, сондай-ақ кезекшінің нақтылау үшін қойған қосымша сұрақтарына жауап беру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру