Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыныштықты бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында тыныштықты бұзғандар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көп пәтерлі үйде тұратын адамдарда көршілердің тыныштықты бұзуы жиі кездеседі.

Мысалы, 18 қаңтар күні сағат 02:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына Махамбет көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 31 жастағы азаматша қоңырау шалып, көршілерінің бірі пәтеріне таныстарын жинап, алкогольдік ішімдік ішіп, түнгі тыныштықты бұзып жатқандығы жөнінде хабарлаған.

Хабарлама бойынша келген полиция қызметкерлері аталған деректі растап, тыныштықты бұзған бір азаматша мен екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігімен (Тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Сондай-ақ, аталған үйдің тұрғындарының барлығымен тыныштықты сақтап, көршілерге құрметпен қарау қажеттігі туралы профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 60-тан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2020 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасаған 580-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру