Солтүстік Қазақстанда есірткі қылмыстарын тергеу мәселелері талқыланды
СҚО-да жыл басынан бері есірткіге қатысты 193 қылмыстық іс анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі құралдарына байланысты қылмыстық істерді тергеудің күрделі мәселелері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде облыстық прокуратураның басшылығымен өткен ведомствоаралық жұмыс кездесуінің тақырыбына айналды. Судьялар корпусының өкілдерімен бірлесіп, құқық қорғау органдары есірткі құқық бұзушылықтары бойынша дәлелдемелік базаны жинаудағы, тергеудің объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз етудегі мәселені талқылады.
Қылмыстың бұл түрінің трансұлттық сипаты және психотроптық заттарды байланыссыз тарату тәсілдері жағдайында аталған мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр.
Кеңестің мақсаты — ұлттың болашағына қауіп төндіретін жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында тергеудің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Жыл басынан бері СҚО-да полиция 246 есірткі қылмысын тіркеді, олардың жартысынан көбі — 154 дерек — ауыр және аса ауыр санатқа жатады. Бүгінгі күні олардың 193-і аяқталды, соның ішінде 88-і — ауыр және аса ауыр қылмыстар.
