Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстанда маскүнемдікке салынған 56 тұрғын мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері маскүнемдікке салынған 56 тұрғын мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда учаскелік полиция инспекторлары маскүнемдікке салынғандар арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Спирттік ішімдіктерді үзбей ішетін адамдар басқаларына қарағанда заңды жиі бұзады. Статистикаға сәйкес, барлық құқық бұзушылықтардың үштен бір бөлігі ішімдік ішкеннен кейін орын алады. Маскүнемдікпен жасалатын қылмыстың себептері – өзін-өзі бақылай алмау, ашушаңдық. Үнемі ішімдік ішетін адамдар туыстарына көптеген қиындықтар туғызады.

Осы жылдың 7 айында ішімдікке тәуелді адамдардың туыстары өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көбірек жүгінген. Олар ішімдік ішіп, жанжал шығарады, тұрақты жұмыстары жоқ, үйлерінен ақша ұрлап, ішімдік сатып алады.

Мысалы, облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны мүліктік қылмыстар үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаннан кейін, еш жерде жұмыс істемеген, тұрақты түрде ішімдік ішіп, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, туыстарына тыныштық бермеген. Учаскелік полиция инспекторының өтінішхаты бойынша, келесі 6 айын Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында орналасқан мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымында өткізетін болады.

– Ішімдікке тәуелділіктен емделуге мұқтаж адамдардың туыстарына шара қабылдауды кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Тәжірибе көрсеткендей, адамдар тәуелділіктен кей жағдайларда өз еркімен бас тарта алмайды. Алкогольдік және нашақорлық тәуелділік ерте ме, кеш пе қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкеліп соғады, –  дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлерімен 56 адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру