Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстанда "Профилактикалық бақылау" іс-шарасы өтуде

Солтүстік Қазақстанда "Профилактикалық бақылау" іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Айыртау, Қызылжар аудандарының ПҚ есебінде тұрған сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 7-13 ақпан аралығында "Профилактикалық бақылау" республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аудандардың елді мекендерінде пробация қызметінің инспекторлары учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған адамдарды аралайды. Сонымен қатар, барлық сотталғандар әкімшілік құқық бұзушылықтың бар-жоғы бойынша мәліметтер базасымен тексеріледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылжар ауданының ПБ есебінде бас бостандығы шектеулі сотталғандардың саны - 81.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру