Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицей әйел бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Солтүстікқазақстандық полицей әйел бақытты болудың құпиясымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында 8 наурыз мейрамы қарсаңында марапатталған полицей-әйелдердің қатарында полиция майоры Гүлмира Сақтанова бар. Ол Шал ақын ауданы полиция бөлімі штабының аға инспекторы болып қызмет атқарады. Оған “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі табыс етілді.

Гүлмира Ғабдрахманқызы – солтүстікқазақстандық полицияның тәжірибелі штаб қызметкерлерінің бірі. Оның ішкі істер органдарындағы өтілі – 27 жыл. Оның 8 жылын анықтау желісіне арнаған. Әлі күнге дейін бұл қызметтің ерекшеліктерін қуанышпен еске алады. Дегенмен, ол штаб жұмысын жақсы көреді. Оның пікірінше, мықты штаб – бастыққа үлкен қолдау. Жоспарлау және тапсырмалардың орындалуын бақылау, талдау, есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау (бұл термин қызметкерлердің азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуінің заңдылығын бақылау бойынша жауапты жұмыс болып табылады), есеп беру, ұйымдастырушылық мәселелер – жалпы міндеттер ауқымы өте кең. Бұл міндеттерді орындау үшін полиция бөліністерінің жұмысын жақсы білу керек. Штабқа қиын қызметтерді атқарып, мол тәжірибе жинақтаған қызметкерлерді ғана қабылдайтыны бекер емес.

Гүлмира полициядағы қызметін ҚР ІІМ емханасының медицина қызметінде подполковник шенінде еңбек еткен туған тәтесінің кеңесі бойынша таңдады. Ол жиенінің ерекше мінезін атап өтті: “Ол жерде дәл сен сияқты адамдар қызмет етеді”.

Гүлмира көп ойланбай байқап көруді шешті. 1995 жылы туған қаласы Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Академиясына оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен 1999 жылы аяқтады. Оқу кезінде Сергеевка қаласынан білім алуға келген Русланды жолықтырды. Кейін екеуі отбасын құрып, Солтүстік Қазақстан облысында қызметтерін жалғастырды.

– Негізі, менің де ата-анам Солтүстік Қазақстан облысында туған. Олар оңтүстік астанаға көшкен кезде мен бір жаста болдым. Ал мені тағдырым ата-бабаларымның өлкесіне алып келді. Ал екі ұлым Нұр-Сұлтан қаласын таңдап, сонда білім алып жатыр. Балаларым бізден жырақта жүрсе де, олар үшін қуаныштымыз, – дейді Гүлмира.

Руслан мен Гүлмираның үш ұлы бар. Қамқоршыл жолдасы мен балаларының арасында Гүлмира өзін бақытты сезінеді. Олар Гүлмираның сенімді тірегі. Ата-ананың екеуі де органдарда қызмет етсе, балалар өз беттерімен кез келген істің басын қайыруға тез үйренуі керек. Гүлмира 8 наурыз күні үйіне оралған соң, жұбайы мен ұлдары сүйіспеншілікпен дайындаған тамаша тәртіп пен мерекелік кешкі аспен қарсы алатынын жақсы біледі.

– Бүкілхалықтық сүйікті мереке күні барлық әйелдерге денсаулық пен табыс, ең бастысы – отбасында қолдау, махаббат пен түсіністік тілеймін, өйткені бұл бақыттың басты кепілі және кез-келген жетістіктің сенімді негізі, – дейді Гүлмира.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру