Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полиция бастығы жеті офицерге кезекті шендерін табыстады

Солтүстікқазақстандық полиция бастығы жеті офицерге кезекті шендерін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өңірдің қоғамдық тәртібі мен жол қауіпсіздігін сақтауға кезекшілікке түсетін полицияның кешендік күштерінің гарнизондық таратылуын өткізді. Салтанатты түрде бірқатар қызметкерлер кезекті арнайы шендерін алса, бір қызметкердің омырауы тағы бір медальмен толықты.

Марапатталғандардың қатарында департамент Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Руслан Жаров бар. Ол ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2009 жылға дейін учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, кезекші бөлімнің қызметкері болып қызмет атқарған. 2017 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін облыстық Полиция департаментінің Штабында қызметте. Бүгін ол облыстың бас полицейінің қолынан “полиция подполковнигі” шенін алды. Сондай-ақ, қызмет орындарына тарату барысында тағы алты офицер кезекті шендерін иықтарына тақты. Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы кезекші бөлімі кезекшісінің тәжірибелі көмекшісі полиция старшинасы Андрей Коржов “Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері” медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев тәртіп сақшыларының киім киісі мен қызмет өткеруге әзірліктерін тексерді.
Облыс орталығында күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге патрульдік полиция батальоны, учаскелік инспекторлар, облыстық және қалалық полиция аппаратының, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған ондаған жаяу жасақтар мен автопатрульдер шығады.

Марат Төлебаев полицейлер қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды ұстау кезінде жедел және кәсіби әрекеттерге, түрлі жағдайларға тап болған тұрғындарға көмек көрсетуге дайын болуы қажет екенін атап кетті.
Гарнизондық тарату салтанатты маршпен аяқталып, сақшылар мен әскери қызметшілер қызмет атқару орындарына тарқасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру