Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атбасар ауданында ер адам 120 келі қырыққабат ұрлап кетті

Атбасар ауданында ер адам 120 келі қырыққабат ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде шамамен сағат 18:00-де Атбасар ауданының ЖПҚБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Тимур Жұмабаевқа Тельман ауылының 46 жастағы белгісіз тұлғаның орамжапырақ ұрлап әкеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Ер адам Тельман ауылында тұрады және егіншілікпен айналысады. Зардап шегуші алаңнан Атбасар қаласына қарай кетіп бара жатқан автокөлікті сипаттап берді. Учаскелік полиция қызметкері аталған бағытқа дереу бет алып, Тельман ауылынан 5 шақырым жерде көлікті қуып жетіп, күдіктіні ұстады. Ол 30 жастағы бұрын сотталмаған Атбасар тұрғыны болып шықты, ол өз ісін мойындады. Автокөліктің жүксалғышынан ұрланған көкөністер салынған қаптар табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. “Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Учаскелік полиция инспекторы Т. Жұмабаев Тельман ауылдық округіне 8 жылдан астам (2013 жылдан бастап) қызмет көрсетіп келе жатқанын атап өткен жөн. Полиция капитаны ауыл тұрғындары арасында құрметке ие. Айтпақшы, оның әкімшілік учаскесінде мыңға жуық тұрғын тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру