Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“SOS” дабыл батырмасы шұғыл жағдайларда көмекке келеді

Елордалық полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету міндеттерін тиімді әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияларды енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көшелерде, саябақтар мен алаңдарда құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін аудио-бейне жүйелерін қолдана отырып, халықтың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша қазіргі заманауи IT-шешімдері әзірленуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада демалыс және адамдар көп жиналатын 13 жерде полицияны шұғыл шақыру үшін арнайы “SOS” дабыл батырмалары орнатылған.

“Құқыққа қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде Жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланысу мүмкіндігіне ие болады. Орнатылған бейнекамераның көмегімен бейне түсіру қамтамасыз етіледі, ал орнатылған динамиктер полиция қызметкеріне аудио байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Барлық деректер жүйемен автоматты түрде тіркеледі. Мұндай жаңашылдық азаматтардың барлық өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді”, – дейді елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Негізгі шақыртулар әкімшілік сипаттағы бұзушылықтармен байланысты, олардың ішінде тыныштықты бұзу, қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқалар. Сонымен қатар бейнебақылау камераларының көмегімен түкіру сияқты заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 213 факті анықталды. Тәртіп бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар жыл басынан бері “SOS” батырмаларына қылмыс фактілері бойынша 11 өтініш келіп түскен.

Мәселен, вокзал маңында орналасқан “SOS” батырмасына қала тұрғыны белгісіз біреудің одан ақшасын тартып алғаны туралы жүгінген. Шақырту қабылданып және дереу пысықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тонау жасаған күдікті тез арада ұсталды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 30 жастағы ер адам болып шықты. Ол кінәсін мойындады, айғақ зат тәркіленді.

Кеңесары хан ескерткішінің жанында орналасқан батырмаға тағы бір өтініш куәгерден келіп түскен, ол қыздың көпірден секірмек болғанын айтқан. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жіберілді. Жағдайды бағалай отырып, патрульдік полиция инспекторлары қайғылы жағдайдың алдын алды. Мән-жайларды анықтау барысында отбасылық жанжал салдарынан 38 жастағы әйел осындай қадамға барғаны анықталды. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру