Сот сарапшыларының қызметі бағаланды
Қарағанды облысының ПД басшылығы сот сарапшыларының жұмысын жоғары бағалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жуырда Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров Қарағанды облысының Сот сараптамасы институтына барды. Ол институт қызметкерлеріне ауыр жұмыстары үшін алғыс айтып, жылы лебіз білдірді.
– Сіздер ішкі істер органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейсіздер, қылмыстарды ашуға және дәлелдеуге қатысасыздар. Сіздердің жоғары кәсіби деңгейлеріңіз күмән тудырмайды, – деп атап өтті Е.Қалиақпаров.
Ол Қарағанды облысының ПД басшысы Ерлан Файзуллиннің атынан институттың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.