Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Гараж тонаған күдікті барлық құнды заттарды алып кеткен

Қарағандыда гараж тонаған күдікті барлық құнды заттарды алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 24 желтоқсанында 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне жүгінген. Ол белгісіз біреудің оның гаражына кіріп, ондағы барлық бағалы заттарды ұрлап кеткенін айтты.

Гаражға түскен ұры көлікке арналған төрт диск, қысқы дөңгелектер жиынтығы, газды қыздыратын аппарат секілді бағалы заттарды алып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 700 мың теңгені құрады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

13 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдікті ретінде 42 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру