Сотталған азаматтар арасында спорттық шара өткізілді
Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталған азаматтар арасында спорттық шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Сарқан аудандық пробация бөлімі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері бірігіп, есепте тұрған сотталған азаматтар арасында спорттық сайыс өткізді.
Сайысқа аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 16 сотталған азамат қатысты.
Жарыс қорытындылары бойынша жүлделі орындарды иеленген азаматтар дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.