Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған балаларын мерекесімен құттықтады

Ана қамаудағы баласымен карантин жағдайында онлайн кездестіргені үшін түрме басшылығына алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы карантин кезінде де сотталғандардың туысқандарымен байланысын үзбеуі үшін оларды жақын адамдарымен «Skype» арқылы байланыстырып келеді. Осындай керемет мүмкіндік бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Т.Т-ға бұйырды. Оның ата-анасы мен балалары Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Шалыс басқан қадамы үшін тергеу қамауында жазасын өтеп келетін сотталған жақындарымен кездесу үшін дәл осы күнді таңдады. Себебі, бүгін оның балалары  оқу жылын үздік аяқтады. Балаларын оқу жылының аяқталуымен құттықтаған жазасын өтеуші ата-анасымен, жарымен де онлайн кездесіп, олардың жағдайларының жақсы екенін өз көзімен көрді.

Сотталғанның анасы карантин жағдайындағы кедергілерге қарамастан, қамауда отырған баласымен жүздестіргені үшін түрме әкімшілігі мен департамент басшылығына аналық алғысын айтты.

– Жаза өтеу орны болса да, қамаудағы баламызға осындай жағдай жасап, карантин кезінде бізбен онлайн кездесуге мүмкіндік жасап отырған департамент пен мекеме басшыларына аналық алғысымды айтамын. Алладан қайтсын. Отбасыларына бақыт тілеймін! – деп ана көзіне жас алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру