Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады

Петропавл полицейлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұма күні шамамен кешкі сағат 9-да “102” арнасына Былғары зауыт ауданында орын алған төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Аталған мекен-жайға патрульдік полиция қызметкерлері аттанған. Мекен-жайға келгеннен кейін жанжалдың мән-жайын анықтап, ер адамды іздеуге кіріскен. Полицейлер үйге жапсарлас салынған үй-жайда өмірімен қоштаспақ болып, мойнына арқан салған ер адамды анықтаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Асхат Құрмашев және Руслан Қабдолов дер кезінде келіп, ес-түссіз күйде болған қала тұрғынын құтқарып қалды. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылды.

– Әрбір секунд маңызды еді. Сәл кештеу келгенде, ер адамды ажалдан аман алып қалар ме едік. Ол масаң күйде болған. Оның осындай әрекетке баруының себебі белгісіз. Үй маңында болған көршілері отбасыда жанжал болғаны туралы айтты, – деді Петропавл қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны взвод командирінің орынбасары Асхат Құрмашев.

Полицейлер есін жиған ер адамды жақындарына тапсырып, ары қарай қызметтерін жалғастырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру