Сотталғандар еңбегі үшін сыйақы алды
Қызылордада бетперде тіккен сотталғандарға ақшалай сыйақы төленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бір реттік және бірнеше реттік қолданыстағы бетперде тігуді бастаған болатын. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы РГП «Еңбек- Қызылорда» тігін цехында арнайы кәсіби білімі бар 30 сотталған көпреттік бетперде тігумен айналысуда. Бүгінгі күнге барлығы 14250 дана бетперде тігілді.
ҚP Ішкі істер министрі ҚАЖК-нің және «Еңбек» РМК-ның басшылығына бетперде тігіп жатқан сотталғандарға жалақы төлеуден басқа, оларды ақшалай сыйақымен көтермелеуді тапсырған болатын. ҚР Ішкі істер министрінің берген тапсырмасына сәйкес, ЗК-169/5 мекемесінің тігін цехында бетперде тігіп жатқан сотталғандарға сыйақы төленді.
«Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дерті, Қазақстанға да жетті. Осы қысылтаяң шақта темір торда отырсақта еліміздің, халқымыздың амандығын тілеп, кішкене болса да қолұшымызды созып, бетперде тігіп жатырмыз. Қиын сәтте қол ұшын созып, көмектесу азаматтық парызым деп білемін. Еңбегімізге қарай жалақымыздан бөлек сыйақы беріп жатқан, ҚР Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлына алғысымыз шексіз деді» -сотталған А. есімді азамат.