Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарға кітап-терапия ұйымдастырылды

Қарағанды облысы ҚАЖК мекемесінде сотталғандарға психологтар әдістемелік жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі ТЖ байланысты барлық психологиялық дәрістер сотталғандармен жеке жүргізіліп жатыр.
Карантин кезінде ҚР ІІМ ҚАЖК АК-159/17 мекемесі РММ төтенше қауіпсіз сотталғандарды туберкулезден емдейтін мекеме ішкі жан-дүние тыныштығын сақтау мақсатында психологтармен тұрақты негізде позитивті, қолдау көрсету және алдын алу сұхбаттары, сонымен қатар эмоциялық жағдайы және өзін-өзі ұстауға байланысты әр түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізілді.


Болашаққа көз жүгіртіп, сотталғандарға кітап-терапиясы бойынша жеке жұмыстар ұсынылып, алдағы уақытта оқылған кітаптарды талдау жоспарланды. Көпшілігін тарту үшін сотталғандарға әлемге әйгілі, әлем мойындаған еңбектер ұсынылды. Әдебиеттер жанры әр түрлі: психологиялық, тарихи.
Карантин режимі аяқталғаннан кейін сотталғандармен оқылған еңбектерді талдау бойынша топтық жұмыс жоспарланды. Бір қуантатыны – кітап-терапияға қатысқан сотталғандар санының көптігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру