Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталушылар бөбектерге сыйлық жасады

Шығыс Қазақстан облысында істі болғандар бөбектерге арнап орындықтар мен үстелдер сыйға тартты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейдегі қауіпсіздігі барынша жоғары құқық қорғау органдарында және сот жүйесінде қызмет еткен сотталғандарды ұстауға арналған ОВ-156/14 мекемесінде ашылға «Мастер мрамор»жауапкершілігі шектеулі серістестігінде жұмыс істейтін сотталғандар жұмысберушінің қолдауымен Семей қаласында орналасқан «Балдырған» балабақшасына балалардың ойын және сабақ ұйымдастыру бөлмесіне арнап қырық орындық пен он үстел жасап, сыйлыққа тартты. Өз істері жайлы осы қапаста отыра тұра қоғамға сәл де болса көмегіміз болсын дейді сотталғандар. Балабақша әкімшілігі сыйлықтың өте сапалы ағаштан және заманауи үлгіде, балаларлың денсаулығы мен дене бітімінің дұрыс қалаптасуына да өте сай жасалғандығын айта отырып, «Мастер Мрамор» ЖШС-не мен сотталушы азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру