Сотталушылардан 200-ге жуық өтініш түскен
Құқық қорғау ведомстволары жалпы мәселелерді қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/24 мекемесінің базасында Көкшетау қаласының прокуроры, әділет кеңесшісі Дастан Тұрсынов және мекеменің жеке құрамы арасында диалог өтті. Кездесу барысында сотталғандардың туындаған мәселелерді шешу бойынша жұмыс сәттері талқыланды. ҚАЖ мекемесі қызметкерлерінің сотталғандардан да, олардың туыстарынан да өтініштер түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Қала прокуроры сотталғандардың келіп түскен өтініштерін мұқият және жан-жақты қарауға назар аударды.
– Міндетті түрде жеке мәселелер бойынша қабылдауға шақыру қажет, – дейді Дастан Тұрсынов, – Өтініш берушілермен әңгіме өткізіп, өтініштің мәнін түсініп, мүдделі қызметтермен мәселені қарауға тырысу керек. ҚАЖД-нен басқа органдарының қатысуы қажет болған жағдайда ғана өтінішті қайта жолдау керек. Шешімдері мен дәлелдері өтініш берушіні қанағаттандырмайтын жауап алынған жағдайда, қабылданған шешімнің негізділігін дербес түсіндіруге міндетті.
Осы жылдың тоғыз айында аталған мекемеде сотталушылардан екі жүзге жуық өтініш түскен туралы атап айтқан жөн.
Облыс бойынша барлығы алты мыңнан астам өтініш тіркелген, олардың әрқайсысы қаралды, оның ішінде өзге де уәкілетті органдардың қатысуымен.