Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО Аққайың ауданының ауылдық округтерінде бірден екі учаскелік полиция пункті ашылды

СҚО Аққайың ауданының ауылдық округтерінде бірден екі учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының екі ауылдық округінде бірден жаңа учаскелік полиция пункттері ашылды.

Шағалалы, Степное, Южное — бұл ауылдар Шағалалы ауылдық округінің құрамында, онда 1323 тұрғын өмір сүруде. Аумаққа тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ерлан Әбілов қызмет көрсетеді. Округтің орталығында жұмысты оңтайландыру үшін жаңартылған учаскелік полиция пункті ашылды. Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров, жұртшылық учаскелік полиция пунктімен танысып, барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. Жайлы үй-жай бөлек кіреберісімен екі қабатты фельдшерлік-акушерлік пункттің бірінші қабатынан орын алған. Екінші қабатта — тұрғын бөлмелер бар, оның біреуі учаскелік полиция инспекторы тұруы үшін бөлінген.

Сол күні Григорьевка ауылдық округіндегі Трудовое ауылында жаңа УПП қолданысқа берілді. УПП үй-жайында жеке кіреберісі қарастырылған және учаскелік полиция инспекторы тұруға арналған бөлме бөлінген. Округ құрамында Трудовоедан бөлек, Көктерек, Кенжеғалы, Григорьевка ауылдары бар. Оларға учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Шынтас Амантаев қызмет көрсетеді. Айта кететін болсақ, Трудовое ауылынан 5 шақырым жерде аудан орталығы Смирнов орналасқан. Жергілікті учаскелік инспекторға жасалған жағдаймен аудан әкімі, аудандық полицияның бастығы, прокурор мен сот төрағасы танысты.

Учаскелік инспекторларға құқықтық тәртіпті сақтай және халыққа жан-жақты көмек көрсете отырып, қызмет атқаруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 289 учаскелік инспектор мен 69 учаскелік инспектордың көмекшісі қызмет атқарады. Олардың қызметі ондаған басым бағыттарды қамтиды: құқықтық тәртіпті сақтау, есепте тұрған адамдарды қадағалау, отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ басқа да көптеген функциялар. Учаскелік инспекторлардың сапалы жұмыс атқаруына барынша жағдай кезең-кезеңімен жасалуда: мысалға, маусым айында Мамлют ауданының Новомихайловка ауылында учаскелік инспекторға арналған қызметтік тұрғын жаймен біріктірілген заманауи учаскелік полиция пункті ашылды.

Жуырда осындай барлық жағдай жасалған тұрғын жайы бар пунктті облыстың шалғай аудандарының бірінде ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру