СҚО ауыл полицейлеріне жаңа рациялар табыс етілді
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл полицейлеріне жаңа рациялар табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев облыс аудандарының халқымен кездесулерді өткізе отыра, «халыққа жақын полиция» қағидатын және сервистік жұмыс моделін жүзеге асыру үлгісін өз ісімен көрсетуде. Бірер күн бұрын полиция ведомствосының басшысы Есіл ауданының Покровка ауылына және Шал ақын ауданының Повозочное ауылына барып қайтты. Ауыл полицейлерінің жұмыс жағдайы тексеріліп, халықтың қатысуымен аудандық полиция бөлімдері бастықтарының есептері тыңдалды, азаматтарды қабылдау өткізілді.
Ірі колледжі бар, көлік легі толастамайтын автожолға және Есіл өзеніне жақын орналасқан – мұның барлығы Покровка ауылына қатысты айтылған. Аттас ауылдық округі төрт ауылдан тұрады. Ондағы құқықтық тәртіпті учаскелік полиция инспекторы Абзал Елеусізов және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Арман Абулғазин бақылайды. «Тірек» пункті колледж аумағында орналасқан.
«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжінде» учаскелік инспекторлардың жұмысы туралы пікірлер тыңдалды. Пікірлер білдірілмес бұрын аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков Есіл ауданы полиция бөлімінің 2020 жедел-қызметтік жұмысы туралы есеп берді. Ол аудандағы жедел жағдай тұрақты екенін атап өтті. Дей тұрғанымен, пандемия аясында спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану және жанжалдар негізінде дене жарақаттарын келтіру фактілері жиілеген, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында. Марат Төлебаев айтылған проблемаларды бақылауға алу, малдың қатысуымен жол-көлік оқиғаларын ескерту, браконьерлікті және қару иелері, сондай-ақ есептегі контингент арасында бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру туралы нұсқау берді. Кездесу соңында ауданның төрт тұрғынына Полиция департаментінің алғыс хаттары табыс етілді. Есіл ауданының әкімі Алтынбек Абдуллаев Ерлік Есләмбековке жаңа байланыс құралдарын – 22 Baofeng және Luiton портативті рацияларын табыстады.
Шал ақын ауданы полиция бөлімі бастығы Руслан Мұхамбетжановтың есебі Приишимский ауылдық округінің Повозочное ауылында аудан әкімі Рахат Смағұловтың қатысуымен өтті. 12 ай ішінде аудандық полицияға азаматтардан екі мыңға жуық арыз бен хабарлама келіп түскен, оның 164-і бойынша қылмыстық істер қозғалды. 333 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Интернет-алаяқтықтың төрт фактісі тіркеліп, үшеуі ашылды. Марат Төлебаев шалақындық полицейлерге мал ұрлығын, жол апаттарын, браконьерлік, есірткі қылмыстары мен алаяқтық фактілерін ескерту бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды. Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жандандыру учаскелік полиция инспекторы Ринат Байсейітовке де тапсырылды. Айта кететіні, тәртіп сақшысы учаскеде төртінші жыл қызмет етуде, ауылдықтар оның жұмысына оң бағасын берді.
СҚО Полиция департаменті бастығы Есіл ауданында болған кезінде атап өткеніндей, ЖШС және шаруа қожалықтарының еңбегіне ерекше назар аударды, олар полицейлермен бірлесе жыл бойы күн-түні демей жолда қолайсыз ауа райы кезінде және басқа да төтенше жағдайларда жерлестеріне көмек көрсетуде. Облыстың бас полицейі ауданның төрт тұрғынын алғыс хаттармен марапаттады.
Учаскелік полиция пунктінің үй-жайы тексерілді, кейін сол жерде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізілді. Жалпы азаматтарды қабылдаудың қорытындылары бойынша екі ауылда облыстың бас полицейіне бес ауыл тұрғыны жүгінген.
Азаматтардың басым бөлігі автокөлікті тіркеумен байланысты сұрақтар қойды және ақпан айында болған дүлей боран кезінде қол ұшын созған полицейлерге алғыстарын білдірді.