СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Ғазиз Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады
СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Ғазиз Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ғазиз Байтасов - Таразда террористті ұстау кезінде қаза тапқан қазақстандық полицей, ол үшін оған қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" (Народный Герой) атағы берілді.
2020 жылғы 12 қарашада, таңертең Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, ЕС мекемелерінің-164/1,3,6,8,9 жеке құрамымен, сондай-ақ Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Г.А. Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік өткізді.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішкі істер органдарының 800-ге жуық қызметкері қаза тапты. ІІО қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігіп, елдің игілігі үшін қызмет атқарады. Өскелең ұрпақ ел игілігі үшін кеткен қызметкерлердің ерлігін назарға алып, әрдайым есте сақтауы тиіс, - деп бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жол полициясының жесірі Гүлжамал Тәжиеваға "Халық Қаһарманы" (Народный Герой) атағына "Алтын жұлдыз" белгісін және "Отан" орденін тапсырды.