Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов құттықтау сөзімен ашып, ардагерлер мен әріптестерін көктемнің келе жатқан мерекесімен құттықтады.

– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ер адамдар қауымы және жеке өз атымнан барша әйел қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын халықаралық әйелдер күні біздің сіздерге деген ең жылы сезімімізді айрықша білдіруге, нәзік жандылардың мемлекет пен біздің коғам өміріндегі атқаратын ерекше маңызды рөлін атап өтуге мүмкіндік береді, –  деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Бұл күні адал қызметі мен қызметтегі жоғары жетістіктері үшін, сондай-ақ Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты барлығы 50 жуық әйел адам марапатталды. “Офицердің жұбайына” естелік медалімен қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/8 мекемесінің қызметкері әділет подполковнигі Жангелді Қабдығалымұлы Хасеновтың жары Айнагөз Елубаевна Хасенова, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 мекемесінің қызметкері ішкі қызмет капитаны Серік Қозкенұлы Омаровтың жұбайы Қайкен Қапезқызы Омарова марапатталды.

“Офицердің анасына”, “Отан қорғаушының анасына”, “Отан қорғаушының жұбайына” естелік медальдарымен барлығы 15-тен астам нәзік жанды марапатталды.

СҚО бойынша ҚАЖ lепартаментінде және бағынысты мекемелерінде күнделікті адал қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар бұл күні ҚР Ішкі істер vинистрінің, ҚАЖК төрағасының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, СҚО бойынша ҚАЖД бастығының құқықтарымен марапатталды. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру