СҚО-да 10 сотталушы жүз сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
СҚО-да 10 сотталушы жүз сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Мамлют ауданының пробация қызметінің бөлімшесінде жылына 100 сағат бойы мәжбүрлі жұмыспен қамтылған 10 сотталушы бар. Қазіргі уақытта барлығы аумақтарды қоқыстан тазартумен айналысады.
Пробация қызметкерлері мәжбүрлі еңбек барысын бақылау мақсатында мұндай сотталғандарды жұмыс орнында үнемі тексеріп отырады.
Айта кетейік, мәжбүрлі еңбекке тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар тартылады.