СҚО-да 12 полиция қызметкері марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі кезекті жедел кеңес тергеу бөліністері мен көші-қон қызметінің қызметкерлерін марапаттаудан басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Петропавл қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Алена Дероваға атқарып отырған лауазымынан бір сатыға жоғары полиция подполковнигі атағы берілді.
Тайынша ауданының аға тергеушісі Абай Сүйіндіков "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Ал СҚО ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Бибігүл Қасеноваға "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі табыс етілді.
СҚО полиция департаментінің грамоталары көші-қон қызметінің қызметкерлері: бас мамандар Әлия Мұстафина мен Гүлнәр Сәліковаға, жетекші маман Ольга Пашковаға табысталды. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов алғыс хатпен Уәлиханов ауданының көші-қон қызметінің тәжірибелі қызметкері Ержан Хамзинді марапаттады.
Тағы 9 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара кәсіби мерекелерге: 5 сәуір – ҚР көші-қон қызметі, ал 6 сәуір – ҚР тергеу органдары қызметкерлерінің күндеріне орайластырылған.