Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 14 кәмелетке толмаған полиция есебіне қойылды

«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының бес күнінде 14 кәмелетке толмаған полиция есебіне қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасында бес күн өткен «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Операцияға 400-ден астам полицей мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Түнгі рейд кезінде ювеналдық полицейлердің басты назарында кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін жерлер болды, яғни ойын-сауық орындары, саябақтар, скверлер, көшелердің түкпір-түкпірлері және үй аулалары.

Полицейлер тексерістің негізгі мақсаты – ескерту жасап, хаттама толтыру емес, кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті. Полицейлер мен педагогтардан басқа рейдке жастар бастамалары бөлімінің өкілдері, қалалық әкімдіктің қызметкерлері және блогерлер белсенді қатысты.

Жұмадан сенбіге қараған түні екі сағаттың ішінде рейдтегі топ төрт дәмхананы тексерді. Қала орталығындағы көшелер, «Сокол», «Уют» сауда үйлерінің маңындағы шеткі аудандардағы үй аулалары тексерілді.

Жасөспірімдердің тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Дей тұрғанымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар түнгі рейдтер жастардың да, ересектердің де арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуда барынша тиімді екенін атап өтті.

Жалпы, Петропавл қаласында «Түнгі қаладағы балалар» операциясы барысында 36 әкімшілік хаттама толтырылды, оның 27-сі кәмелетке толмағандардың заңсыз өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүргендері үшін. Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің сөзінше, тұрғылықты жерлері бойынша тұрмысы қолайсыз 111 отбасы тексерілді. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 76 дәріс оқылды.

Тұрмысы қолайсыз 10 отбасы, сондай-ақ бес кәмелетке толмаған профилактикалық есепке қойылды.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, облыста өткізілген бес жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицияға 230 кәмелетке толмаған жеткізілген. 301 құқық бұзушы анықталған, оның ішінде 198-і түнгі уақытта үйден тыс жерде не ойын-суық орындарында болғандары үшін. 14 кәмелетке толмаған және 42 тұрмысы қолайсыз отбасы профилактикалық есепке, тізімдік есепке 22 кәмелетке толмаған қойылды. Құқықтық тақырыпта 291 қоғамдық іс-шара өткізілген, оның 261-і дәрістер мен әңгімелесулер және 30-ы дөңгелек үстелдер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру