Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған павлодарлықты құтқарып қалды

Полицей көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған павлодарлықты құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуірде сағат 19.00 шамасында полицияға ер адамның Камзин көшесіндегі көпқабатты үйдің 5-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған мекенжайға дереу учаскелік инспектордың көмекшісі Оңтүстік полиция бөлімінің кіші лейтенанты Нұржан Қадырбеков келді.

Пәтерге кірген полицей терезенің шетінде отырған ер адамды көрді. Ол қолына пышақ ұстап алған болатын. Мас күйдегі ер адам полицейлерді терезеден секіремін деп қорқытты. Сонымен қатар, ол жиһазды тосқауыл етіп қойып, ешкімді өзіне жақындатпады.

Алайда тәртіп сақшысы ер адаммен сөйлесу арқылы оның ойын басқа жаққа бұрып, тыныштандыра бастады. Ер адам бұрылған кезде полиция қызметкері оған жақындап, қолдарымен арқасынан ұстап, оны терезенің шетінен бөлмеге сүйрей жөнелді, осылайша оны қауіпті әрекеттен қорғады.

Кейін павлодарлық медицина қызметкерлеріне берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру