СҚО-да 5 күн бұрын жоғалған әжейдің жақындары полицейлер мен еріктілерге алғыстарын айтты
75 жастағы қарт әжей үйінде бес күн болмаған, осы мерзімде 40 шақырым қашықтықты жүріп өткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласының тұрғыны тамыздың 21-і сағат 10 шамасында 1945 жылы туған анасының үйінен шығып кетіп, оралмағаны жайында полицияға жүгінген. Жоғалған әжейдің есте сақтау қабілеті нашар екендігі анықталды.
Полицияның кешенді күштері жедел іздестіруге бағдарланды. Келесі күні бағдар аудандық бөліністерге жолданды. Алғашқы кезекте пайда болуы мүмкін орындар тексерілді: Жұмысшы кенті, «Жас өркен» шағын ауданы. Іздестіру аумағы ұлғайтылып, «Звездочка», 131-шақырым саяжай қауымдастықтары да қамтылды. Қарияны іздеуге «Lider.kz» қоғымының еріктілері және бей-жай қалмайтын жандар да қатысты. Іздеу салу туралы хабарландыру әлеуметтік желілердің қалалық пабликтерінде жарияланды.
25 тамыз Петропавл қаласынан 40 шақырым жерде, Мамлют ауданының орталығына жақын маңындағы орман учаскесін тексеріп жүрген қорықшы қарт әжейді көрген. Шаршап-шалдыққан, жүдеген әжей қайдан келе жатқанын және қай жаққа бара жатқанын түсіндіре алмаған. Қорықшы рейдтер кезінде бірлесе жұмыс істейтін табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне дереу хабарлаған. Әйелді бағдарлар бойынша таныды. Әжей аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, сол жерде тынығып алды. Петропавл қаласының Полиция басқармасына және туыстарына хабар берілді және туыстары дереу Мамлютка қаласына жолға шықты.
– Әжей бағытынан адасып, бес күн қайда болғанын айта алмады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Іздестіру жұмысына қатысқан, әжейдің өміріне бей-жай қарамаған қайырымды жандарға, еріктілерге және әлеуметік желілердің әкімгерлеріне алғыс білдіргім келеді. Жоғалған әжейдің есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан оны іздеу қиындық туғызды. Еріктілердің көмегі ерекше, халықпен өзара әрекет – біз үшін құқықтық тәртіптің маңызды негіздерінің бірі.