СҚО-да 5 сотталған абақтыға телефондарды кіргізбек болды
СҚО-да 5 сотталған абақтыға телефондарды кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ департаменті ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің алдын алды.
Аталған мекемеде жазасын одан әрі өтеу үшін келген адамдарды қабылдау кезінде оларды толық тінту және жеке заттарын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген тінту нәтижесінде, бес сотталғаннан 5 Nokia ұялы телефоны, бір Samsung Duos ұялы телефоны, бір Activ абонентінің және екі Altel абонентінің sim-картасы табылды. Түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды алып кіруге және сақтауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық-атқару заңнамасында тәртіптік жауапкершілік көзделген.
Мекеме қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факті СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.