СҚО-да 60-тан астам полиция қызметкері ҚР Конституциясы күніне орай көтермеленді
СҚО-да 60-тан астам полиция қызметкері ҚР Конституциясы күніне орай көтермеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде салтанатты жиын өтті. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жеке құрамға ішкі істер министрінің құттықтау хатын оқыды.
Мемлекеттік мереке құрметіне СҚО ПД 60-тан астам қызметкері көтермеленді. Атап айтқанда, үшеуі «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Айыртау ауданы ПБ учаскелік инспекторы Абылайхан Рамазанов бар. Ол қызмет көрсететін аумақта Қарасай ауылы орналасқан, бұл ауылда соңғы жылдары тұрғындардың ішімдік ішуден бас тартуы нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қылмыстар тіркелмеген. Абылайхан ІІО-да 7 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Тағы екі қызметкерге «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі табысталды. ҚР ішкі істер министрінің грамоталары мен алғыс хаттарын төрт полиция қызметкері алды, тағы төртеуіне алғыс жарияланды.
Сондай-ақ бірқатар жедел уәкіл мен учаскелік инспекторлар, әкімшілік полицейлер, тергеушілер мен анықтаушылар, басқа бөлімшелердің қызметкерлері СҚО ПД бастығының құқықтарымен көтермеленді.
Мерекелік күнді қызметкерлер қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, кезекшілікте қарсы алатын болады.