Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 8 наурызда сотталған қызға жігіті ұсыныс жасады

СҚО-да 8 наурызда сотталған қызға жігіті ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Анастасияға халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі ұсыныс жасады.

Анастасияның әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқанына жарты жылдың жүзі болды. Ұрлық жасаған Анастасияға толық жазасын өтеуіне 2,5 жыл бар.

Анастасия темір тордың ар жағына түспей тұрғанда жігітімен таныс болған, кейін бір-біріне хат жазысып, көңіл жарастырған. Бостандықта жүргенде сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт мереке қарсаңында бойжеткенге тосын сый жасаған. Ғашығына қоңырау шалып, сезімін білдірген ол Анастасиядан өзіне күйеуге шығуын сұрапты. Қуанышын жасыра алмаған ару «иә» деп жауап берді.

– Мен Тимурды қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек Тимурмен ғана елестетемін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көпбалалы ана болғым келеді, – сотталған Анастасия.

Өткен жылы СҚО-да сотталғандар арасында 19 неке қиылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру