Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 31 адамға айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысының орталығын абаттандыру, көшелер мен аулалардағы тазалықты сақтау СҚО ПД жергілікті полиция қызметі қызметкерлері жұмысының маңызды бағыттардың бірі болып табылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда күн сайын 67 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақтағы абаттандыру ережелерінің сақталуын тексереді. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап қала әкімдігі қызметкерлерімен бірге 53 мақсатты рейд жүргізілді. Жеке секторлар, көп пәтерлі үйлердің аулалары, азаматтардың демалатын орындары, саяжайға баратын жолдар тексерілді.

– Осындай рейдтер кезінде жеке меншік үй шаруашылықтарынан бастап ірі кәсіпорындарға дейінгі барлық меншік иелеріне жаднама-ұсыныстар тапсырылады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Халыққа, жеке кәсіпкерлерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына іргелес аумақтарды санитарлық тазарту қажеттілігі туралы ақпарат беріледі. Қызметкерлер профилактикаға назар аудару жайлы тапсырма алады. Негізгі жаза – бұл ескерту болып табылады. Алайда, бір жыл ішінде бірнеше рет бұзушылықтар орын алса, заңды түрде жазалау шараларын қолданылады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындардың тарапынан түскен хабарламаларға да ықпал етеді. Өткен аптада «Instagram» әлеуметтік желісіндегі Петропавлдың белгілі пабликтерінде қала шетіндегі қоқыс төгілген аумақтардың видеожазбасы пайда болды. Тәртіп сақшылары осы учаскелерден қоқыс шығаруға жауапты ұйымды анықтады. ЖШС директорына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігі (қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 1399 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 31 адамға айыппұл салынды. Абаттандыру ережелерін сақтау жөніндегі жұмыс облыстық полиция басшылығының бақылауында тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру