Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқушы зардап шекті

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан оқушы зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс қарсаңында мектеп оқушыларынан полицейлер мен мұғалімдер белгіленген жерлерде ғана жолды кесіп өтуге, велосипед және самокатпен жүрген кезінде жол қозғалысы ережелерін және жолдардағы басқа да қауіпсіздік ережелері қатаң сақтауға шақырады. Өкінішке орай, осындай кешенді профилактикалық шараларға қарамастан, облыс орталығының көшелерінде жол-көлік жарақаттары фактілері жиі кездеседі.

28 мамыр күні Петропавлда 2010 жылы туған мектеп оқушысын “Тoyota Avensis” көлігінің жүргізушісі Букетов көшесінде қағып кетті. Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды.

– Балалар демалыста көп уақыттарын далада өткізеді. Ересектер олардың жолдағы жүріс тұрыстарына бақылауды екі есе күшейтулері керек, олармен үнемі профилактикалық әңгімелер жүргізулері қажет. Велосипедпен жаяу жүргіншілер жолағынан өту тәртібі, жол жүру ережелерін ұқыптылықпен және қатаң сақтау туралы үнемі ескертулерге қарамастан, көбінесе жол қозғалысына қатысушылар, оның ішінде мектеп жасындағылар жолдағы тәртіпті сақтамай жатады. Бұл жолда жарақат алу фактілерін туғызады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Полицейлер жаяу жүргіншілер жиі қолданатын құлаққаптар да жолда қауіп төндіретінін еске салады. Бағдаршаммен немесе реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жүретін велосипедшілер, оның ішінде ересектер де алаңдаушылық тудырады. Велосипедші кенеттен шығып қалса, жылдамдық режиміне байланысты жүргізуші көлігін тежеп үлгермей қалу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.

– Тек жол қозғалысы ережелері мен қырағылықты сақтау жолдағы қауіпсіздік кепілі бола алады, – дейді полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру