Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да арнайы жасақ қызметкерлері жалғыз басты анаға ауласын қардан тазартуға көмектесті

СҚО-да арнайы жасақ қызметкерлері жалғыз басты анаға ауласын қардан тазартуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер қаладағы көктемгі тазалауды қайырымдылық акциясымен біріктірді. Облыстық Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Петропавлдағы Копай ауданында тұратын жалғыз басты анаға ауласын тазалауға көмектесті. Әйел екі кішкентай бала тәрбиелеп отыр. Ауланы еріген қар суы басқан. Тәртіп сақшылары қолдарына күрек алып, ауланы қардан, қыс бойы жиналған қоқыстан тазалады. Үй иесі ризашылығын білдірді. Арнайы бөлініс қызметкерлері бұл отбасына “Таза қала” акциясы аясында келді.

– Мұқтаж, аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер – полицияның басты назарында. ЖҚАЖ жауынгерлері қайырымдылық іс-шараларынан тыс қалмайды. Адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін полицейлер, өмірлік қиын жағдайда қалған кезде қолдаудың маңызды екенін жақсы біледі. Полиция жұмысының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту, ал қайырымдылық осы істің жалғасы, – деп атап кетті бөлініс командирі Самат Жантасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру