Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудандық полиция бөлімінің бастығы аулаларды аралап шықты

СҚО-да аудандық полиция бөлімінің бастығы аулаларды аралап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрбір адам өзінің учаскелік инспекторын білуі және оның байланыс нөмірлерін болуы үшін «Сіздің учаскелік полицейіңіз!» республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы Әлнұр Ахмедьяров Қиялы ауылдық округінің аумағында аулаларды аралау және рейдке жеке өзі қатысты.

– Анықталғандай жергілікті тұрғындар учаскелік полиция қызметкері Руслан Байкеновты жақсы білетін көрінеді. Адамдар оны жағымды эмоциялармен қарсы алды. Белсенді профилактикалық жұмыс жүргізілгендігі байқалады. Биылғы жылы округтің екі тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болған. Қазір адамдар көп жиналатын жерлерде профилактикалық материал бар, халық алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы жақсы біледі. Көбісі алаяқтардың қулықтарына қалай берілмегендігін айтады, себебі олар туралы хабардар болды, – дейді Ахмедьяров.

Қиялы ауылдық округінің тұрғындары саны 1660 адамды құрайды, оның 53-і полицияның түрлі профилактикалық және анықтамалық есептерінен тұрған тұлғалар. Олардың ішінде 6 маскүнем, пробациялық бақылаудағы 3 адам мен 29 қару иесі бар.

Тәртіп сақшылары әр аулаға кіріп, байланыс нөмірлерімен бөлісті, профилактикалық әңгімелесулер жүргізді. Сауда нысандары мен ұйымдарына да бас сұқты. Қиялы орта мектебінде Әлнұр Ахмедьяров «дабыл түймесінің» жұмысын тексерді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша күнделікті жұмыс жүргізілді.

Мысалы, тексеріс барысында екі ұсақ құқық бұзақылық, қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудын және абаттандыру ережелерін бұзушылығының екі фактісі анықталды. Полицейлердің айтуы бойынша Шағалалы, Власовка сияқты ауылдардың билік пен кәсіпорын басшылығының бірлескен жұмыстарының арқасында тазалыққа қол жеткізілген, рұқсат етілмеген жерде қоқыс лақтыру фактілері мүлде кездеспейді.

Учаскелік полиция инспекторы – ауылдық жерде негізгі билік өкілдерінің бірі болып саналады. Оның міндеттеріне қылмыстың алдын алу жауапкершілігі жатыр, оған құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша тұрғындар жүгінеді. Полиция қызметкерлері «Сіздің учаскелік полицейіңіз!» акциясы арқасында халықпен тығыз қарым қатынас орнатып, полицияның сервистік қағидаттарын іске асырып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру