Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бейнебақылау камераларының көмегімен 6 айда 11 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді

СҚО-да бейнебақылау камераларының көмегімен 6 айда 11 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол және қоғамдық қауіпсіздік, көшедегі қылмыстарды ашу – құқықтық тәртіпті сақтау бүгінгі таңда техникалық құралдардың көмегінсіз елестету мүмкін емес. Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы 1451 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 410-ы облыс орталығында орнатылған. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша полицейлердің жұмысындағы тиімді тетік бейнебақылау жүйесі болып табылады.

Қалалық полицияның Жедел басқару орталығы 2008 жылы құрылған. «102» жедел арнасына хабарламалар мен қоңырауларды қабылдау, камералар бойынша көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды мониторингілеу, полицей патрульдердің күштері мен құралдарын үйлестіру – тәулік бойы орталықта тәжірибелі полицейлерден құралған кезекші ауысым қызмет атқарады. Алты айда қалалық полицияның «102» арнасына қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 80 мың хабарлама келіп түсті, 15 мыңнан астамына шұғыл ден қою талап етілді.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алумен қатар ашудың тиімді тетігі бейнебақылау жүйесі болып табылады. СҚО ПД Штабының аға инспекторы Алена Ткаченконың ақпаратынша, жыл басынан камералардың көмегімен 8353 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде – 6675 жол жүрісі ережелерін бұзушылық, сондай-ақ 1500 аса факті қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу. Сонымен қатар қылмыстарды ашуға ықпал еткен 140 факті: оның ішінде 47 ұрлық пен 18 бұзақылық фактісі анықталған. Жалпы облыс бойынша камералардың көмегімен 11.100 астам құқық бұзушылық анықталып, 451 қылмыс ашылды.

1 ақпан күнінен кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының жұмысына жаңашылдық енгізілді: полицейлер құқық бұзушылықтар туралы мәтіндік хабарламалар мен фото, видео материалдарды бірізді байланыс қағидаты бойынша «102» мобильді қосымшасы арқылы қабылдайтын болды (ҚР ІІМ арнайы мобильді қосымшасы, оны App Store, немесе Google Play арқылы жүктеуге болады). Бүгінгі таңда бірізділік арқылы арқылы жедел басқару орталығына 169 хабарлама келіп түсті, оның 13 видео, қалғаны – мәтін түрінде. 144 хабарлама бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 2 өтінім Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, қалғандары бойынша – қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты материалдар номенклатуралық іске жазылды.

Полицейлер қылмыс құрбанына айналған жағдайда, бірден ішкі істер органдарына хабарласу қажеттігі туралы ескертеді. Уақтылы жүгінудің арқасында көп жағдайда қылмыстар ізін суытпай ашылады.
Күн сайын Петропавлда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 200-ден астам полицей кезекшілікке түседі. Олар 5 модульде және 57 жаяу бағытта кезекшілік атқарады, жол қауіпсіздігін 26 автопатруль қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру