ШҚО-да Қызыл кітапқа енген балықты аулаған ер адамның 1 жылға бас бостандығы шектелді
ШҚО-да ер адам Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 1 жылға бас бостандығы шектеу жазасына сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балықты аулап, уылдырылығын сатып, пайда табу үшін құрып кету қаупі төнген балықты аулағаны үшін ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды.
– Ер адамның айтуынша, ол 200-ден астам балық аулап, одан 27 литрге жуық уылдырық жинаған, – деді пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.
Ер адам бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, екі жылға балық аулау құқығынан айырылды.
– Сотталған пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта есепте тұрған сотталғанмен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және болашақта ол пробация қызметінің бақылауында болады. Егерде пробация есебінде тұрған кезінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері түсіндірілді, – деп толықтырды Бауыржан Төлеуханов.