СҚО-да бір күн ішінде 6 интернет-алаяқтық орын алды
СҚО-да бір тәулік ішінде алты интернет-алаяқтық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі жағдайда да қаскөйлер «жоғары технологиялық» сценариймен жұмыс істеген. Интернет арқылы заттарын (спорттық велосипед пен ұялы телефон) сатып жатқан Петропавл тұрғындарына WhatsAppпен байланысқа шығып, тауарды курьер арқылы жіберуін сұраған.
– Тауарды жеткізумен мен өзім келісемін, өзім ақшасын төлеймін, сізге бар болғаны курьерді қарсы алу қажет, мен сайт арқылы жеткізуді ресімдеймін, сіз сілтеме арқылы растайсыз және бірден ақшасын алыңыз, – дәл осындай хабарлама сөзбе сөз қайталанған.
Нақты бар жеткізу қызметінің мекенжайына ұқсайтын веб-адреспен сілтеме арқылы өтуді ұсынған.
– Шын мәнінде бұл алаяқтармен құрылған жалған сайттың қармағына түсіретін сілтеме, — деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин. — Онда адамға банк карталарының деректемелерін енгізу ұсынылады. Бұл әрекет қаскөйлерге құрбандарының банк шоттарына қолжеткізу үшін жеткілікті болып табылады. Кей жағдайда алаяқтар диалогты жалғастырып, сайтта техникалық ауытқулар туындады деп сендіреді, соның салдарынан «сатып алушыға» сатушы ақша аударуына мүмкін болмай отыр дейді. Көбінесе, сөйлесулер жәбірленушінің телефонға sms-хабарламамен келген кодты қылмыскерге айтумен аяқталып жатады. Бұл код бір реттік құпия сөз болып табылады, ол қаскөйлерге бөтеннің картасындағы қаражатты басқаруға мүмкіндік береді.
Полицейлер барлық адамдарға ұсынылған сілтемелерге сенбеуге, оларды нақты ұйымдардың сайттарындағы сілтемелермен мұқият салыстыруға кеңес береді – тіпті бір символдағы айырмашылықтың өзі алаяқтық қолсұғушылықты көрсетуі мүмкін. Егер сіз жеткізу қызметтерін пайдаланар болсаңыз, ресми сайтқа кіріңіз, қызмет көрсету шарттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер «сатып алушы» талап ететін шарттардан айырмашылық болған жағдайда, күмәнді мәміледен бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, полицейлер нақты тауар ұсынылатындығына толық сенімді болмасаңыз, интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлем жасауға келіспеуге кеңес береді. Біреудің шоттан ақша «ұрлауға» әрекет жасауы туралы «банктің қауіпсіздік қызметінен» шалынған қоңырауға да сенуге болмайды: бұл тағы бір алаяқтық кең таралған сызбасы, қылмыскер алдау әрекетін жасай отыра, банк картасының нөмірін, оның құпия сөзі немесе CVV-коды немесе sms-хабарламадан бір реттік құпия сөзді алғысы келеді.