Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көрші ауылдан қонаққа келген қыз Қармақшы тұрғынының жарты миллион теңгесін қолды қылған

Қызылорда облысында қонаққа келіп, үй иесінің жарты миллион теңгесін қолды қылған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 3 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен белгісіз біреулердің жарты миллион теңгесін ұрлап кеткені туралы арызданған. Ауданның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында 1989 жылы туған күдікті азаматшаны ұстады. Ол үй иелеріне көрші ауылдан қонаққа келген. Жәбірленушінің ұйықтап қалғанын ұтымды пайдаланған азаматша шкафта тұрған ақшаны қалтасына басқан.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Орын алған оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру