Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған

Риддер қаласы тұрғынының пәтерінен 205 дана патрон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпанда Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері  51 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен 205 дана патрон тауып, тәркіледі, алынған оқ-дәрінің 199 данасы маманның қорытындысы бойынша 5,6 мм калибрлі ойық қарудың патрондары, қалған 6 данасы 16 калибрлі тегіс ұңғылы қарудың оғы болып шықты. Олардың барлығы атысқа жарамды. Табылған 5,6 мм калибрлі 199 патрон зауыттық тәсілмен дайындалған, ал 16 калибрлі 6 патрон қолдан жасалған. Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі емес екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)
бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру