Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бомба туралы жалған хабарлама берген жасөспірімнің бас бостандығы шектелді

СҚО-да бомба туралы жалған хабарлама берген жасөспірімнің бас бостандығы шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы тағы да еске салады. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясына сәйкес мұндай «әзілдер» 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Бірер күн бұрын Петропавл қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты сот процесі аяқталды, ол өткен жылдың қазан айында қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба салынған деген хабарламамен «102» арнасына қоңырау шалған. Шақыруға барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Полицейлер «ізін суытпай» мас күйдегі жасөспірімді анықтап, ұстады.

24 қаңтарда СҚО кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының хабарлауынша, өткен жылы облыс аумағында ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша барлығы 2 адам, осы жылы 1 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру