Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 4 жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті

СҚО-да демалыс күндері 4 жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткен жұма күні кешкісін облыс орталығына қалың, ылғалды қар жауып, сенбі күні кейбір учаскелер мұзға айналды. Патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар демалыс күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді. Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етті, қоғамдық тәртіпті сақтады. Демалыс күндері облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан алты адам зардап шекті. Бұдан бөлек, «102» пультіне зардап шеккендер жоқ жол-көлік оқиғалары туралы 20-ға жуық қоңырау келіп түсті.

Жұмадан сенбіге қараған түні қалың қар жауып тұрған кезде Петропавл айналма жолында Өскемен қаласына бет алып бара жатқан 54 жастағы жүргізушінің басқаруындағы антифриз тиелген DAF ауыр жүк көлігі жолдан шығып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, бұл факті бойынша полицияға ешкім жүгінбеді. Кюветтегі фураны байқап қалған Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көмектерін ұсынды. Алайда жүргізуші алғысын білдіріп, өз күштерімен шығарып алатынын айтты.

Ал күндіз Назарбаев пен Интернациональная көшелерінің қиылысында Škoda Rapid пен Chevrolet көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet автокөлігі тротуарда тұрған 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.

Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, екі жүргізуші де мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған іс материалдары қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

– Ауа райының нашарлауына, температураның төмендеуіне, жауын-шашынның түсуіне және мұздың пайда болуына байланысты жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, автокөліктерді уақытылы ауыстыру және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру қажет. Әсіресе, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау. Тайғақ және қарлы жолмен жүру ережелерін сақтау сіздің көлігіңіздің тұтастығын ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың барлық қатысушыларының денсаулығы мен өмірін де сақтайды. Тайғанақ және қарлы жолдардағы жүру қағидаларын ұстану сіздің көлігіңізді ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының барлық қатысушыларының денсаулығы мен өмірін сақтайды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

11 айда СҚО жолдарында 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 42 адам қайтыс болды. 365 адам түрлі жарақаттар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру