Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ерлікпен қаза тапқан қызметкердің құрметіне «Батылдық бұрышы» ашылды

СҚО-да ерлікпен қаза тапқан қызметкердің құрметіне «Батылдық бұрышы» ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының “№2 Саумалкөл мектебі гимназиясы» КММ-де қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерге арналған “Батылдық бұрышының” салтанатты ашылуы өтті. Ішкі қызмет капитаны Серік Омаров 1997 жылы 9 тамызда сотталғандарды тас карьерге шығару кезінде қатыгездікпен өлтірілді. Осыдан кейін қылмыскерлер қарауылдың қаруын тартып алып, қаша жөнелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сотталғандардың бірі атыс кезінде қаза болды, екіншісі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілді.

Қайғылы оқиға болған жерде естелік обелиск орнатылды, ал енді жас ұрпаққа нағыз батырлық пен Отанға деген адалдықты еске түсіретін және үлгі болатын “Батылдық бұрышы” бар.

Іс-шараға №51 мекеменің басшылығы мен қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, сондай-ақ гимназияның оқушылары мен оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар қызметкерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оның өмірбаянымен танысты.

Серік Омаров 1961 жылы 2 қарашада Көкшетау облысы Володар ауданы Қызыл-Әскер ауылында дүниеге келген. 1980 жылы КСРО Қарулы күштерінің қатарына шақырылып, 1982 жылы демобилизациядан кейін ЕС-164/4 мекемесіне цех шебері болып жұмысқа орналасты. Соңғы лауазымы – цех бастығы. Қызмет барысында СҚО ІІБ басшылығының “Құрмет” грамотасымен үш рет марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру